- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ШҚО-да жергілікті жолдардың 228 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Биыл ШҚО-да жергілікті жолдардың 228 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
ШҚО-ның ақпарат орталығында хабарлағандай, ғымдағы жылы 70 шақырымды құрайтын Аягөз қаласынан Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылына дейінгі жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл Қарағанды-Аягөз-Боғас тас жолының маңызды бөлігі. Ағымдағы жылдың тамыз айында жөндеу жұмыстары аяқталған кезде Тарбағатай мен Зайсан аудандарынан Алматы тас жолына дейінгі жол ұзақтығы біршама қысқарады.
Ал облыстық жолдардың 3,7 млн құрайтын 228 шақырымы жаңартылатын болады. Өскемен-Тарғын-Самар автожолының 80 шақырымы, Сібе көліне бағытталған 54 км, Мақаншы-Жалаңашкөл жолының 42 шақырымы, Күршім-Қалжыр жолының 16 км, Дмитриевка–Бородулиха–Шемонаиха жолдарының 20 шақырымы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Сондай-ақ, Серебрянск қаласына кіре беріс және Өскемен-Бобровка жол учаскелеріне жөндеу жүргізіледі. Барлық жерде жұмыстар басталып, бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Биыл халықаралық талаптарға сәйкес жол жүрісін арттыру мақсатында Ресей Федерациясымен шекарадағы «Ауыл» және «Уба» пунктеріне толық жөндеу жүргізіледі.
Сонымен қатар маусым айының соңына дейін облыстық және республикалық жолдарға ұсақ жөндеу жүргізу аяқталатын болады. Жалпы көлемі 325 мың шаршы метр.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр