• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтуде

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтуде

2 Маусым, 2016 14:31
Астанада «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: Табысты мемлекет, табысты ел» атты Халықаралық конференция өтуде. Конференцияға шетелдік профессорлар, тарихшылар, саясаткерлер қатысады.

Олардың ішінде И. Джавахишвили атындағы тарих және этнография институтының директоры Важа Кикнадзе (Грузия), Азия зерттеу институтының директоры, Варшава қ. Шығыс Еуропа зерттеулер институтының аға үйлестірушісі Владыслав Соколовски (Польша), Будапеш корвинг Университетінің Халықаралық қатынастар мектебінің  докторы Михай Аладар Добрович (Венгрия) және тағы басқалар бар.

25 жыл бұрын Қазақстанның халқы тәуелсіздік алды және дамудың жаңа жолына енді. Қазақстан егемен мемлекеттің мәртебесін алды және ол әлемдік қоғаммен мойындалды. Ол ұлы тарихи оқиға – орындалған армандардың нәтижесі және көптеген халықтың үміті. Қазақстанның тәуелсіздік негізін Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – ол маңызды тарихи күн. Барлық 25 жыл тың идеялар және жетістіктерге толы. Қазақстан әлем қоғамдастығының авторитетті және толық құқылы мүшесі болды, ал қазақстандық даму модельі ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты. Біз тарихи оқиғалардың куәгеріміз»,-деді ҚР Тұңғыш Президент кітапханасының директоры Б.Жұмабеков.

Осы жылдар ішінде Қазақстан әлемнің 50-бәсекеге қабілетті мемлекетінің қатарына кірді, уақытынан бұрын Стратегия-2030-ды іске асырды, 5 институционалды реформа мен Ұлт жоспарын іске асыруды бастады және оның базалық векторы «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы болды.

Директордың айтуы бойынша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- елдің жеңіс тұғырындағы үлкен және атулы тарих. «Біз үлкен көлемді дағдарыстан өттік. Бүгінгі конференция – бұл Тарих институты мен ҚР мемлекетінің ынтымақтастық жолындағы бірінші тәжірибесі. Біздің қорымыздың негізгі бағытталған қызметінің бірі жастарды және дарынды ғалымдарды қолдау, аталмыш дискуссиялық алаңдар құру»,-деді ол.

Айта кетейік, конференция Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктерін қорытындылау мақсатында ұйымдастырылуда: қазақстандық мемлекеттің тұруы мен нығаюында, республиканың көпвекторлы саясатын әзірлеу және іске асырудағы, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жасағандағы  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың рөлін зерттеу.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар