- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесі басталды (ФОТО)
Астанада IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесі басталды (ФОТО)
Таңсәріден бастап ҚР ҚК-нің авиациялық базасының 8 павильонында отандық және шетелдік өндірушілердің қару-жарағын, әскери және авиациялық техникасын көрсету басталып та кетті, деп қорғаныс министрлігінде хабарлайды.
Биылғы жылы көрме секцияларының саны 7-ге дейін кеңейтілді. Авиациялық техника, ҰҰА және ғарыштық технологиялар, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкі, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техника, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздері.
Барлық павильондар көрме қонақтарын, олардың арасында қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің мамандарын құшақ жая қарсы алуға дайын. Ал ашық есік күндері барша қауымның көрмені тамашалауға мүмкіндіктері болады.
Алғаш рет «KADEX-2016» көрмесінде «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналар мен қазақстандық өндірістің «Барыс» броньды транспортеры ұсынылды. Қазақстанда мұндай әскери техниканың баламасы жоқтың қасы. Оны ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кәсіпорындарда шығарады.
ҚР Қорғаныс министрлігімен өткізіліп жатқан төртінші халықаралық «KADEX-2016» көрмесі ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін жалғасады.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды