• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: ОҚО-да 6 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 164 жоба енгізілді (ФОТО)

ИИДМБ: ОҚО-да 6 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 164 жоба енгізілді (ФОТО)

2 Маусым, 2016 11:56
Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіптік өндірістің өсу тұрғысынан жетекші аймақтардың бірі болып табылады, деп ҚР инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев айтып өтті.

Айтып өткендей, алты жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында облыста сомасы 223 млрд. теңге болатын 164 жоба іске асырылып, 13 мың тұрақты жұмыс орыны ашылған.

«Оңтүстік Қазақстан облысы индустриалды-инновациялы дамудың орталығы. Облыс өзекті дамуда. Қазіргі оңай емес кезеңде бізге үйлескен, бірігіп жасалған жұмыс қажет. Қазір бастысы – оңай емес кезеңде «сағатты салыстырып тексеру керек». Ағымдағы жағдайды әрдайым бақылауда ұстауымыз керек»,-дед Ә.Исекешев.

Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚР инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев бастаған жұмысшы топ, түс қайта елімізде алғаш болып ашылған «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының жұмысымен танысып, туризм саласын дамытуға тың серпіліс беретін орталықтың жұмысын құптады

Сонымен қатар, министр мырза Қазығұрт ауданындағы индустиаландыру картасы аясында іске асып жатқан органикалық тыңайтқыштар шығаратын «LotusOrganicsLLC» ЖШС-гі мен Инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысжұмыс барысымен танысып көрді. Серіктестік басшысы өз кезінде Әсет Исекешевке биотехнологиялық фабрика үш кезеңде іске асырылатындығын атап өтіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін алғысы жеткізд

Барлық жаңалықтар