• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев: Ақтөбелік оқушыларға мектеп формасын тігумен тек жергілікті ателье айналысатын болады

Б.Сапарбаев: Ақтөбелік оқушыларға мектеп формасын тігумен тек жергілікті ателье айналысатын болады

2 Маусым, 2016 11:23
Ақтөбелік оқушыларға мектеп формасын тігумен тек жергілікті ателье айналысатын болады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев киім тігу қызметін көрсететін кәсіпорындардың басшыларымен кездесу барысында айтып өтті.

«Ақбөбек» балар сауықтыру орталығында болған кезінде аймақ басшысына жергілікті ательемен жасалған мектеп формасының үлгілері көрсетілді. Шараны Іскер әйелдер одағы ұйымдастырды.

Естерінізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі орта білім ұйымдарында міндетті түрде мектеп формаларының болуы туралы бұйрықты бекітті. Құжатқа сәйкес, әрбір мектептерде өзінің бірыңғай формасы болуы тиіс. Жыл сайын ақтөбеліктер 123 мың оқушыны киіндіру үшін 2 млрд теңгеден астам ақша кетіреді және 93 пайыз мектеп формалары шетелден әкелінеді, тек 7 пайызы ғана аймақта шығарылады.  

«Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы хабарлағандай, бүгінгі күні аймақта мектеп формаларын тігетін ателье жоқ, алайда енді кәсіпкерлер осындай бос орынға орныға алады.

«Бірыңғай форманың дизаиның қоғаммен міндетті түрде келісу керек. Оның тігісімен тек жергілікті ательер ғана айналысатын болады. Қазір біз оның түсімен, сапасымен  анықталуымыз керек. Барлық аудандар және Ақтөбе қаласы жергілікті ательемен форма тігу бойынша келісімге тұрады. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға кәсіпорындардың қаражаты есебінен көмек көрсетуге болады. Бұл мәселені шешуде осы мектептің түлектері мен демеушілері қол ұштарын беруі тиіс»,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы формалардың тек қолжетімді бағсымен бірге, ол сапалы болу керектігін айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар