Е.Досаев Өскеменде авто өнеркәсіптік кластердің құрылысымен танысты

2 Маусым, 2016 09:47
Шығыс Қазақстанға сапары барысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев Өскемен қаласындағы автомобиль өндірісінің құрылыс барысымен танысты.

Компанияда хабарлағандай, өнімнің құрылысы қуаттылығы 120 мың автомобиль құрастыру, дәнекерлеу және бояу тәртібінде.

Жоба қатысушылары «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компания тобы мен «АВТОВАЗ» тарапынан Renault-Nissan альянсы.

Болашақта салынатын өндірістік кешеннің 523 га аумағында тік жоспарлау жасалған және құрылыс материалдарының өндірісі іске қосылды.

Сонымен қатар, бірінші кезекте іргетас нысанының құрылысы енгізілуде.

«АЗИЯ АВТО Казахстан» АҚ басшылығымен кездесу барысында «Бәйтерек» холдингісінің басшысы инженерлік инфрақұрылымның құрылыс темпін айтып өтті және ол мемлекеттік қолдау арқылы жүргізіледі.

2015 жылдың қазан айында «Бизнестің жол картасы-2020» мембағдарламасы аясында алаңда инженерлі коммуникацияның монтажы басталды: электр желілерін төсеу , жылу және су желісімен қамтамасыз ету, қолжетімді құрылыс жолдарын құру.

Е.Досаев маңызды макроэкономикалық әсерін атап өтті.

ҚР Ұлттық экономика минитсрлігі жанындағы Экономикалық зерттеу институтының есептеуіне сәйкес, «АЗИЯ АВТО Казахстан» АҚ қуаттылығы республикалық ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсуін 11 млрд долларға жеткізеді. Шығыс қазақстан облысының ЖІӨ өсімі 7 пайызға жеткен.

Жыл сайын мемлекеттік бюджетке 30 млрд теңге түседі. Бір қызметкерге автомобиль жасау объектілеріне қосылған құн бойынша өндірістік деңгей 150 мың долларға жеткен. 

Барлық жаңалықтар