- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР инвестициялар және даму министрі ОҚО-ның индустриалды аймақтарын тексерді (ФОТО)
ҚР инвестициялар және даму министрі ОҚО-ның индустриалды аймақтарын тексерді (ФОТО)
Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, С.Тұяқбаев жалпы облыс бойынша бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Айта кетейік, аталған индустриалды аймақтың инфрақұрылымы мемлекет есебінен салынып, бүгінде 100 пайыз аяқталған. Мұнда 95,1 млрд. теңгені құрайтын 71 жоба жүзеге асырылып жатса, оның 39 жобасы іске қосылған. Бүгінде мұнда 3600-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.
Ал, жалпы облыстағы 11 индустриалды аймақта 162 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 15 мыңға жуық жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Жұмыс сапары барысында министр мырза «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, ондағы тоқыма және тігін желісінің технологиялық процесімен танысты.
Қазір арнайы экономикалық аймақта 27,8 млрд. теңгені құрайтын 10 өндіріс орны жұмыс жасауда. Сондай-ақ, мұнда инвестиция құны 151,6 млрд. теңге болатын және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орын ашу мүмкіндігі бар 13 жоба салынуда. Олар негізінен мата, гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасын, арнайы киімдер, униформалар, ұйық-шұлық және кілем бұйымдарын, қағаз картонын және т.б. шығаратын кәсіпорындар болмақ.
Министр сонымен бірге Шымкент қаласындағы осы жылы салынған «Тассай» индустриалдық аймақтың алдағы іске асырылатын жобаларымен танысып, өңірдегі алғашқы дисктік бекітуші тетіктер шығаратын «Karlskrona LC AB» зауытында болды. Осы күні жұмысшы топ жылына 8 мың тонна кондитер бұйымдарын шығаратын «Рахат-Шымкент» фабрикасын аралап көрді. Мұнда 150 адам жұмысқа орналастырылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады