• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Кұрманбаев: Отандық «Арлан» доңғалақты ұрыс машиналары экспортталатын болады

Б.Кұрманбаев: Отандық «Арлан» доңғалақты ұрыс машиналары экспортталатын болады

1 Маусым, 2016 19:03
Қазақстандық өнім «Арлан» доңғалақты ұрыс машиналары экспортқа жіберіледі. Аталмыш мәселе шешімін тапты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, полковник Бақытжан Құрманбаев Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

«Қарағандыдағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында 2017-ші жылы патрон зауыты салынатын болады. Ұлттық қауіпсіздің деңгейін қамтамасыз ету үшін, қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында, сонымен қатар, атыс қарулары үшін патрон қорын иеленуге, ҚР Қарулы күштерінің 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлерінің патронын шығару үшін зауыт құру жоспарлануда»,-деді Б.Құрманбаев.

Жалпы, Қазақстан қазір Ресей, Еуропа және Араб нарығына кешенді әскери техникаларды экспорттап келеді.

Еске сала кетейік, «KADEX-2016» көрмесіне тұңғыш рет «KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өнім «Арлан» оқ өтпейтін доңғалақты машиналар мен «Барыс» бронетранспортерларі көрсетілетін болады.  Бұл ұрыс машщиналарын отандық кәсіпорындарда ҚР Қарулы күштерінің қажеттілігіне шығарып отыр. Республика Қарулы күштерінде бұл техникалардың баламасы жоқ. 

Барлық жаңалықтар