• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Германияның парламентаралық ынтымақтастығының перспективасы талқыланды

Астанада Қазақстан мен Германияның парламентаралық ынтымақтастығының перспективасы талқыланды

1 Маусым, 2016 19:37
ҚР Парламенті Мәжілісінде заңнама және сот құқықтық реформа Комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров ГФР Бундестагының депутаты, Еуропадағы Парламенттік Асссамблея Кеңесінің парламенттік делегациясының басшысы Аксел Фишермен кздесті.

Кездесуде ынтымақтастықтыңкең көлемдегі мәселелері аталып өтілді. Онда Қазақстан мен Германияда өзаратиімді серіктестікті кеңейтуге сеп болатын шаруалардың баршылық екені де айтылды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Н.Әбдіров қонақтарды Қазақстанмен және ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатымен таныстырды. Сонымен қатар ол, Қазақстанда германдық бизнестің да дамып жатқанын тілге тиек етті.

«Діндер лаңкестікке қарсы» Астана халықаралық конференциясына қатысқан неміс парламентариі Қазақстанда азаматтық қоғамның белсенді жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. «Сіздердің бағыттарыңыз өте дұрыс. Біз сіздерді қолдағымыз келеді. Келесі баяндаманың бөлігі біздің қарым-қатынасымызға арналады және оны ары қарай қалай тиімді дамыту керектігін де ескереміз» деді олар.

Барлық жаңалықтар