ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

1 Маусым, 2016 20:57
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысында он екінші психологиялық-педогогикалық Орталық ашылды.

Облыс әкімдігі мен «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жанындағы «Дара» қайырымдылық Қоры меморандумының аясында жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау мен мамандарды дайындау жүргізілді, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

№46-шы мектептің базасында құрылған Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары арнайы мамандардан кешенді квалификациялық көмек ала алады. Онда дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагогтар қызмет көрсететін болады. Орталық жыл сайын түрлі даму ауытқулары бар 300 балаға қызмет көрсетпек. Түрлі қызметтер тұрғылықты жері бойынша тегін көрсетіледі.

«Балалар – біздің қуанышымыз. Балалар – біздің болашағымыз. Бүгінгі шара тек бизнесмендерді ғана емес, барлық қазақстандық қоғамдастықты қайырымдылыққа шақырады. Мен Шығыс Қазақстан облысының балалары үшін жасалған керемет сыйлық үшін алғысымды білдіремін. Осындай қайырымды істерді көптеп жасар болсақ, біздің жүректеріміз жібиді, көңілді өмір сүреміз, баларымызға бақыт сыйлаймыз»,-деді облыс әкімі Даниял Ахметов. 

Барлық жаңалықтар