• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының 20 жылдығына арналған Форумға қатысады

Н. Назарбаев «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының 20 жылдығына арналған Форумға қатысады

25 Қараша, 2013 10:51
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 29 қарашада Астанада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумға қатысады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Форум барысында Мемлекет басшысының сөз сөйлеуі, соның аясында халықаралық бағдарлама қызметінің қорытындыларын шығарып, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыру контексінде ұлттың бәсекеге қабілеттігін қалыптастырудың жаңа міндеттерін айқындау жоспарланған», - делінген хабарламада.

 

 

Барлық жаңалықтар