• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Баркер: АХҚО арқылы қазақстандық активтерді жекешелендіруді өткізу орталық мүмкіндіктерін көрсетеді

Д.Баркер: АХҚО арқылы қазақстандық активтерді жекешелендіруді өткізу орталық мүмкіндіктерін көрсетеді

1 Маусым, 2016 20:08
«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңы арқылы қазақстандық активтерді жекешелендірудегі көлемді бағдарламаларды өткізу орталық мүмкіндіктерін көрсетуге және болашақта дамуға серпін береді, деп «EY» компаниясының Таяу Шығыс, Үндістан және Африка, Еуропа қаржы орталықтарына консультациялық қызмет көрсету бойынша басқарушы серіктесі Дэвид Баркер Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Капитал нарығына сенімді арттыру әлем экономикасының өсіміне маңызды. АХҚО негізіне салынған айқындылық қағидалары, заң жоғарғылығы және инфрақұрылымның тиімділігі халықаралық инвесторлардың, нарықтың кәсіби қатысушыларының және басқа үкіметтік мемлекеттердің сенімін алуға түрткі болады. АХҚО алаңы арқылы қазақстандық активтерді жекешелендіру бойынша көлемді бағдарламаны өткізу орталықтың мүмкіндіктерін көрсетуге және алдағы дамуға серпін беруге көмек болады»,-деді Д.Баркер.

Оның айтуы бойынша, жекешелендіру қиын үрдіс. Келісімнің бағасын анықтаған жағдайда мемлекет жұмылдырылған қаржының көлемі, жалпы экономикалық әсер және қоғамдық маңыздылық , сонымен қатар оның әсерін ескеруі керек.

«Жалпы, жекешелендіру бағдарламасын тиімді өткізу үшін активтердің бәсекелестік ортада ойнай алатыны маңызды болуы тиіс. Активтерді жекешелендірген кезде жеке инвесторларға қолайлы табиғи монополияға тарифтік реттеуді қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар жекешелендіруді өткізудің уақытын да анықтаған маңызды және сатудың оңтайлы әдісін – жеке келісім, қоғамдық орналастыру немесе гибридтік мәміле»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар