• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында 600 жуық бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытылды

Жамбыл облысында 600 жуық бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытылды

1 Маусым, 2016 19:53
Жамбыл облысында 600 жуық бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытылды. Бұл туралы Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Сыздықбаева Ғалия Ұзақбайқызы мәлімдеді.

Ғалия Сыздықбаеваның айтуынша, «Өрлеу» БАҰО филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылғы март  айынан бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды бастады. Бүгінгі күні біздің институттың тренерлері облыстағы 578 бастауыш сынып мұғалімін  оқытып шықты, оның ішінде 182-і қала мектептерінің, 396-і ауыл мектептерінің мұғалімдері.

«Бұл бағдарламаның ерекшеліктері: үштілділік саясатын жүзеге асыру; Мұғалімдер қолданып жүрген тәсілдерінің маңыздылығы оқытудағы тиімділігіне байланысты болады, сондықтан оқытудың әдістемесін жаңартпай білім беру бағдарламасын жаңарту білім беру стандарттарын жаңартудың тиімділігін төмендетеді. Мұғалімдер оқушыны центрде көрсететін оқыту әдістемесін қолданады, дәлелдерді құрылымдау мен талдау үшін рөлдік модельдер ретінде әрекет етеді. Оқушылар оқыту үдерісінде белсенді әрекет етеді. Олар  білімді бағалап, өздерінің тұжырымдамасының дәлелдерін көрсетіп, басқаларға сын көзбен қарау керек. Белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану, оқыту мақсатын формативті бағалау. Белсенді оқыту оқушының мұғалімді селқос тыңдағаннан гөрі, оның оқыту үдерісіне белсенді қатысуын талап ететін оқыту мен үйретудің кейбір тәсілдерін қарастырады. Бұл тәсілдер оқытудың іс-әрекет түрінде өтетіндігін көрсетеді.Практикалық бағыттылығы және өмірмен байланыстылығы», - деп атап айтты спикер.

Осының бәрі бастауыш білім берудің мақсатына жетуге, яғни кең спектрлі дағдыларды меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына қолайлы білім кеңістігін құруға мүмкіндік береді. Кең спектрлі дағдылар деген не? Бұл білімді функционалды және шығармашылықпен қолдану. Сыни ойлауды дамыту. Зерттеу жұмыстарын жүргізу. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану. Коммуникацияның әр түрлі әдістерін, оның ішінде тілді меңгеру дағдыларын қолдану. Топта және жеке жұмыс істей білу.

 «Осылайша бастауыш сыныптардағы пәндер аясында педагогикалық тәсіл белсенді оқытуға негізделеді. Бұндай тәсілді қолданғанда оқушылар оқыту үдерісіне белсенді қатысады, сондықтан өздері үшін оның маңыздылығын анықтайды. Бұл мұғалімнің пассивті оқушыларды оқытуына қарағанда, оқытудың мықты құралы болып табылады. Бұл пәнді түсіну және терең білім алу үшін қажет деңгейдегі дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі»,- деп қорытынылады Ғ.Сыздықбаева.

 

Барлық жаңалықтар