- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жарты жыл ішінде 80 жеке балабақша ашылды – әкімдік
Алматыда жарты жыл ішінде 80 жеке балабақша ашылды – әкімдік
Мектеп жасына дейінгі бұл мекеме коттедж базасы негізінде пайда болып, МЖС аясында жұмыс істейді. «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектеп жасына дейінгі мекемелер арқасында қалада бала бақша кезегі 1500 орынға төмендеді.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасын орындау барысында Алматы қаласында 2015-2016 жылдар аралығында 2699 орынды 80 жеке мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері жұмыс істей бастады, олардың 58 –і коттедждерде орналасқан. Қаланың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің кезегінде 3-6 жас аралығындағы 28 627 бала тұрады, 62 жеке бала бақшаның ашылуы барысында кезек 1 449 орынға қысқарып, 27 178 орын болды.
Алматы әкімі өзге шығындарды қоспағанда, мемлекет осындай бір бала бақша салу үшін миллиард теңге жұмсайтындығын айтты.
«Жеке бала бақша құру барысында инфрақұрылымдарға ақша төленбейді. Тек әр баланың ақысын төлеу қажет, қалғанын бизнестің өзі реттейді, бұл әрі тиімді, әрі арзан, әрі жедел», - деп атап өтті Б. Байбек.
Әкім кәсіпкерлер осындай бала бақшалар ашуда мемлекеттен екі рет көмек алатындығын, несие көлеміне субсидия беріліп, «Балапан» бағдарламасы бойынша қолдауға ие болатындығын айтты.
«Мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде ата- аналар балаларының тамағына ғана ай сайын 14 мың теңге көлемінде ақша төлейді. Ал жеке бала бақшаларда ақы төлеу 20 мыңнан басталады. «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жеке бала бақшалардың 90%-ында ақы төлеу 32 мың теңге көлемінде. Қала бойынша орташа ақы төлеу 50-60мың теңге», - деді Алматы қаласы Білім басқармасының мектеп жасына дейінгі бөлім басшысы Әлия Сагиева.
Ол жеке бала бақша ашуда Наурызбай ауданының алда екендігін, ауданда 15 жеке бала бақшаның ашылғандығын, осы істе Алатау, Әуезов аудандарының да көшбасшы екендігін айтты. Ал Жетісу ауданында небәрі 4 бала бақша ашылған.
60 –тан астам жеке бала бақша ашу үшін құрылтайшылар 922 300 000 теңге бөлген. Аудан әкімдіктері мен Алматы қаласының Білім басқармасы мектеп жасына дейінгі жеке балалар бақшаларын ашу жұмыстарын одан әрі жалғастыра беретін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі