• Басты
  • Қазақстанда ҰБТ арнайы жабдықталған 165 пункте өтеді

Қазақстанда ҰБТ арнайы жабдықталған 165 пункте өтеді

2 Маусым, 2016 08:59
Қазақстанда ҰБТ еліміздің барлық өңірлерінде 2016 жылдың 2 маусымы мен 10 маусымы аралығында өтеді. Бұл мақсатта арнайы жабдықталған 165 пункт құрылды.

Орталық және жергілікті атқару органдары мен мемлекеттік комиссиялар тарапынан ҰБТ сәтті өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Тесттік тапсырмалар базасы әдеттегідей жаңартылған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінде хабарлағандай, 115 пункт аудан орталықтарындағы мектеп ғимараттарында, 50 пункт облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларындағы ЖОО-да орналастырылды.  Барлық пункттарда мемлекеттік комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр. ҰБТ өткізілетін аудиториялардың жалпы саны – 1114.

«Биылғы ҰБТ маңызды айырмашылығы – оған қатысушы түлектердің жоғары білім алуға мүмкіндік аясының кеңеюінде. Ағымдағы жылдан бастап, алғашқы рет нәтижесінде 50 балл деңгейіне жетпей қалған түлектер биылғы тамыз айында оны кешенді тестілеуде қайта тапсыруына (ақылы негізде) мүмкіндік беріледі»,-деп хабарламада айтылған.

2016 жылы ел мектептерін 121 092 түлек бітіреді. Оның 83 330 қазақ, 37 762 – орыс тілді мектептерде білім алған. ҰБТ өтуге 86 991 адам өтініш білдірді. Бұл биылғы мектеп түлектерінің жалпы санының 72% құрайды (63021 – қазақ, 23970 – орыс тіліндегі оқытатын мектептердің түлектері).

ҚР БжҒМ орталық және жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен келісті іс-қимыл жүргізіп, өзара тиімді әрекеттесу мақсатында 1815 маман бөлді (әр аудиторияға 1 маманнан кем емес).

Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ҰБТ үйлестіру және өткізу жөніндегі штабтар ұйымдастырылды. Оның басты функцияларының бірі – түлектер мен олардың ата-аналарының арыз-тілектеріне жедел әрекет жасау. ҚР БжҒМ жанында Республикалық штаб жұмыс жасап жатыр.

ҰБТ нәтижелері құпия ақпарат санатына жатқызылғандықтан, оған тек жеке сәйкестендіру номерлері (ЖСН) бойынша ғана алуға болады. Тестілеу нәтижелерінің тізімдеріндегі түлектердің аты-жөндері орнында ЖСН цифрлары көрсетіледі. Сонымен қатар, ҰБТ нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында www.testcenter.kz жарияланады. Аталған сервиске қол жеткізу үшін ЖСН немесе түлектің емтихан басталар алдында  алған жеке кодын енгізу қажет.

 

Барлық жаңалықтар