• Басты
  • Жаңалықтар
  • «KADEX-2016» көрмесінде отандық кәсіпорындарға маңыз берілді – ҚР Қорғаныс министрлігі

«KADEX-2016» көрмесінде отандық кәсіпорындарға маңыз берілді – ҚР Қорғаныс министрлігі

1 Маусым, 2016 16:39
Биыл «KADEX-2016» көрмесінде отандық кәсіплорындарға маңыз берілді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенан Оқас Сапаров баспасөз конференцияда.

Биылғы «KADEX – 2016» көрмесінің ерекшелігі сол отандық кәсіплорындарға айрықша маңыз беріліп отыр. «Қазақстан инжиниринг» компания тобы көрме қатысушыларына 42 дана әскери техниканы, 95 дана әскери және азаматтық маңыздағы бұйымдарды таныстыратын 20 кәсіпорынды ұсынды. Тұңғыш рет «KADEX-2016» көрмесінде қазақстандық өнім «Арлан» оқ өтпейтін доңғалақты машиналар мен «Барыс» бронетранспортерларі көрсетілетін болады. Ведомстводан айтылғандай, республика Қарулы күштерінде бұл техникалардың баламасы жоқ.

Бұдан бөлек, «Қазақстандық қамту аспектісінің бірі ретінде отандық оптикалық өнім желісі. Көрмеге электронды құрылғылардың барлық оптикалық түрлері шығарылады. Ату қаруының нысанасы, түнде көруге арналған құрылғылар бар. Орталық Азияда жалғыз ЕС 145 жазғы тренажерының өзі жеке көңіл аударатын болады. Теңіз минасы мен парашюттік-тежегіш жүйесі, МИГ-29, МИГ-31, СУ-25, СУ-27 самолеттері бар»,-деді О.Сапаров.

Сонымен қатар, генерал-лейтенант жалпы алаңы 92 мың шаршы метрден асатын жаңа авиациялық техникалық орталықтың іске қосылуы жетістіктердің бірі екенін хабарлады.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар