• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 2016 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 20-дан астам жеке балабақша ашылады (ФОТО)

Ақтөбе облысында 2016 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 20-дан астам жеке балабақша ашылады (ФОТО)

1 Маусым, 2016 16:57
Ақтөбе облысында 2016 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 20-дан астам жеке балабақша ашылады. Оның төртеуі Халықаралық балалр күніне орай есігін ашты. Жаңа мектепке дейінгі мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы хабарлайды.

Аймақ басшысы «Дони» және «Әселге» баратын балалардың ата-аналарын құттықтап, символикалық лентаны қиып, бала бақшаларды қарап шықты. 

Мектепке дейінгі мекемелерде шынымен барлық жағдайлар жасалған. Мекеме қазіргі заманғы технологиялармен және ойын жабдықтарымен, жоғары сапалы жихаздармен жабдықталған. Қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату үшін және ата-аналардың сұраныстарын іске асыру үшін түрлі инновациялық технологиялар енгізіледі.

Мекеменің аумағында ойын алаңдары жасалған. Жаңа нысана 600 орынға есептелінген. 100 жұмыс орны құрылды.

«Мемлекет балаларымыздың бақытты болып өсуіне барлық шараларды жасайды. Әрине, шешілмей жатқан мәселелер де бар. Көбінесе, өскелен ұрпақты балалбақшаларға орналастыру мәселесі өзекті болып табылады. Кәсіпкерлердің көмегімен орынның жетіспеушілік мәселесін 2018 жылға дейін шешеміз»,-деді ол.

Қазіргі күні облыста 543 мектепке дейінгі мекеме бар, оның ішінде 280 балабақша және 263 шағын-орталықтар және олар 45 мыңнан астам балаларға есептелінген.

Ақтөбеде 22 120 орынға 120 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 2016 жылдың басынан бері мемлекеттік  тапсырыс бойынша мектепке дейінгі мекемелердің саны 33-тен 48-ге дейін өсті. Жыл соңына дейін 6 жеке балабақша ашу жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар