- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен «Бақытты балалық шақ» көрмесі өтті (ФОТО)
ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен «Бақытты балалық шақ» көрмесі өтті (ФОТО)
Аталмыш көрменің негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жақсылыққа жетелеу, қолдау, қорғау болса, көрменің міндеті қоршаған ортаға мүмкіндігі шектеулі балалардың көзқарасы қандай? Яғни көрмеге ұсынылған суреттер арқылы әр баланың ішкі мінез-құлқын, ойын түсінуге бағытталды.
«Нұр Отан» партиясы Бескарагай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Омаров балаларды мерекелерімен құттықтады. ««Нұр Отан» партиясы жобаларының қайсысы болмасын елімізге тигізіп жатқан шапағаты аз емес. Соның бірі «Бақытты балалық шақ» жобасының өңіріміздегі жеткіншектердің арман-тілектеріне қол жеткізуіне нақты жол ашуда. Әсіресе, ауданымыздағы тұрмысы азқамтылған немесе мүмкіндігі шектеулі балалардың лар қуанышын көбейтіп келе жатқанын сеніммен айта аламын»,-деді ол.
Көрмеге қатысып, өзінің алған әсерін бөліскен Айткенов Әлем: «Бүгінгі өткізілген шара маған өте ұнады. Ауданымыздың аумақтық орталығындағы балалар өте дарынды. Оған бүгін өздеріңіз де куә бола алдыңыздар. Болашақта да осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса біздер тек қуанышты болар едік», – деді.
Көрмеге 18 жасқа дейінгі балалардың әртүрлі бағытта дайындалған, нақтырақ айтқанда тоқыма, кесте, ілмекпен тоқу, бисер, жабыстырма сынды жұмыстары қабылданды. Әр бағытта әртүрлі заттардан жасалған жұмыстардың деңгейі сарапталып, бағаланды. Тіпті үздік жұмыстарды саралай келе, аумақтық орталықтың балаларының осындай үлкен шыдамдылықты талап ететін жұмыстарды өз қолдарымен жасағанына тамсанып, таңдаңғандар да табылды. Нәтижесінде бірде-бір жан ескерусіз қалмай, әр қатысушы ұйымдастырушы топ атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті