• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс пен Латвия Саэймасының вице-спикерлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Мәжіліс пен Латвия Саэймасының вице-спикерлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

1 Маусым, 2016 15:18
Мәжілісте палата вице-спикері Гүлмира Исімбаева мен Латвия Саэймасы төрағасының орынбасары Инесе Либиня-Эгнеренің кездесуі болды.

Әңгімелесушілер Қазақстан мен Латвия арасындағы достық қарым-қатынасты дамытудың конструктивті диалогын белгіледі.

Г.Исімбаева латвия тарапының біздің елдің ДСҰ-на қосылуда, 2017-2018-ші жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі лауазымына, сонымен қатар, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығын иеленудегі кандидатурамызды қолдағандары үшін алғыс білдірді.

Мәжіліс вице-спикерінің айтуынша, Қазақстан өз кезегінде 2026-2027-ші жылдары Латвияның БҰҰ ҚК-не кандидатурасын қолдауға әзір.

Қазақстан мен Еуоропалық одақтың саяси, экономикалық және мәдени жағынан болсын жан-жақтылы байланыстары туралы айта келе Г.Исімбаева 2015-ші жылдың желтоқсанында қол қойылған ынтымақтастық пен серіктестікті кеңейту туралы Келісімді ратификациялау процесі Еуропаламент пен Латвияның Саэймасының қолдауы болатынына үмітті екенін де айтып өтті.

И. Либиня-Эгнере атап өткендей, ратификация латвиялық Парламенттің бірінші оқылымынан өткен.

Кездесуге сондай-ақ қазақстандық тараптан Мәжілістің халықаралық істер, қаорғаныс және қауіпсіздік бойынша Комитет Хатшысы Ирина Аронова, экология және табиғат пайдалану мәселелері бойынша Палата Комитетінің мүшесі, Латвия Республикасымен ынтымақтасу бойынша топ жетекшісі Шавхат Өтемісов қатысты.  

Барлық жаңалықтар