- Басты
- Жаңалықтар
- Британдық қоғам қайраткері Мемлекеттік басқару академиясының қызметіне жоғары баға берді (ФОТО)
Британдық қоғам қайраткері Мемлекеттік басқару академиясының қызметіне жоғары баға берді (ФОТО)
Кездесу барысында Френсис Мод Ұлыбританияның Министрлер кабинетінде мемлекеттік қызметтің дамуына жауапты болғанын және осы салада бірқатар реформалар жөнінде бастама көтергенін, сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесіне инновацияларды енгізумен айналысқанын айтты. Нәтижесінде мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың аудит жүйесі енгізіліп, Ірі жобаларды басқару жөніндегі арнайы агенттік құрылған, деп академияның баспасөз қызметінде хабарлайды.
Оның басшылығымен Көшбасшылық академиясы ашылған және Оксфорд университетінің Саид бизнес-мектебімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың басшыларын жобалық басқару бойынша оқыту үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеген. Бұл Ұлыбританияда икемді жобалық басқару қағидаттары мен оларды бағалау жүйесін қысқа мерзім ішінде енгізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жобаларды іске асыру тиімділігін тексеру нәтижелері туралы есептерді тұрақты түрде жариялау енгізіліп, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етті.
Осылайша, ұлттық жобаларды басқару бөлігінде, үкіметтің ашықтық және айқындық қағидаттары іс жүзіне асырылды.
Ректор Б. Абдрасилов, өз кезегінде, Академиядағы оқу процесін жаңғырту, мемлекеттік қызметшілерді оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша жаңа бастамалар әзірлеу барысы туралы және Ұлыбританияның мемлекеттік органдарымен, оқу орындарымен, сондай-ақ британдық мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық енеджментті енгізумен айналысқан компаниялармен өзара іс-қимыл тәжірибесі жөнінде әңгімеледі.
Кездесу соңында лорд Мод Академияның қызметіне жоғары баға берді және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшыларына арналған жобалық менеджмент бойынша семинарлар циклін Академия базасында ұйымдастыруға қызығушылық танытты.
Лорд Мод – британдық танымал саяси және қоғам қайраткері, әр жылдары Консервативтік партияны, сыртқы істер, сауда және инвестиция, тұтынушыларды қорғау министрліктерінде жұмыс істеді, Ұлыбритания Министрлер кабинетінің Бас қазынашысы лауазымын атқарды.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары