- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде балалардың демалысына арналған жыл бойғы сауықтыру орталығы ашылады
Ақтөбеде балалардың демалысына арналған жыл бойғы сауықтыру орталығы ашылады
Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс басшысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған Ақтбедегі ірі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бірінде болды.
«Ақбөбек» компаниясының бас директоры Күлпаршын Айдарханова қонақтарға ауданы 7500 шаршы метр болатын балалар орталығының төрт жыл бұрын салынғанын жеткізді. Бүгінде мұнда 200-ден астам жұмыс орны ашылған.
Бердібек Сапарбаев өскелең ұрпақтың тәрбиесі мн жан-жақты дамуына, сауықтыруына барлық жағдай жасалған орталықты қарап шықты. Күн сайын мектепке дейінгі мекемеге мың бала келеді, олардың 542-сі балабақшаға барады. Тағы 90 адам қазақ тілінде бастауыш мектепте білім алады, 300-деп астам бала түрлі үйірмелерге қатысады. Облыс әкімі орталықтың жұмысына жоғары баға берді.
"Біздің облыста шамамен 260 мың бала бар. Олардың дамуы мен тәрбиесіне барлық жағдайды жасауымыз керек, балалар мекемелерін, оның ішінде мүгедек балаларға арналған орталықтар санын көбейту керек. Таяуда гипотерапия орталығын аштық, балалардың дамуы мен өз әлеуетін ашатын Оқушылар сарайы құрылысы басталды", - деді Бердібек Сапарбаев.
Күлпаршын Айдарханова балалар жыл он екі ай демалатын лагерьдің «тұсауын кесті». Сауықтыру, оқыту және тәрбиелеу орталығы «Ақбөбек-Восток» лагері негізінде ашылады.
"Жақсы ұсыныс. Біз оны қолдаймыз, жүзеге асырылу үшін көмектесеміз. Онда олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары, үздік оқушылар демалу керек. Сонымен қоса, «Ақбөбек» базасында физика-математикалық бағытындағы мектеп ашу туралы мәселе көтеру керек", - деді өңір басшысы блаларды мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі