• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы мен Қарағанды облысының кәсіпорындары қазақстандық қамту үлесін арттыру меморандумына қол қойды

Алматы мен Қарағанды облысының кәсіпорындары қазақстандық қамту үлесін арттыру меморандумына қол қойды

1 Маусым, 2016 17:16
Алматы мен Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорыны тамақ, құрылыс, химиялық жабдық өндірістері бойынша Қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

Тараптардың ынтымақтастығы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен әкімдігінің қолдауымен өңіраралық кооперация аясында жүргізілуде, деп хабарлады Алматы қаласының кәсіпкерлік және индусриалды-инновациялық даму басқармасынан.

Алматы қаласының «Алматы жылу жүйесі» ЖШС коммуналдық кәсіпорыны, «Алматы электр станциясы» АҚ, «Алматы Жылу Энерго Коммун» АҚ қонақтардың өндірістік әлеуеттерімен танысты. Қарағанды кәсіпорындарының өнімі Алматының энегргожабдықтау кәсіпорындары үшін қажет болып табылады. Сапалы өнім жеткізу мақсатында меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек, кәсіпорын өкілдері B2B форматында келіссөздер жүргізіп, Алматының коммуналдық кәсіпорындарын аралады.

Осылайша, қалада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық қамту үлесін арттыру мен тауар құнын арзандату жайында берген тапсырмасы ойдағыдай атқарылуда.  

Барлық жаңалықтар