- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Президент Күніне орай «Тарихи таңдау. Бастамасы» көрмесі ашылады
Астанада ҚР Президент Күніне орай «Тарихи таңдау. Бастамасы» көрмесі ашылады
«1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президенті ретінде Н.Ә. Назарбаевты сайлай отырып, шын мәнінде тарихи таңдауын жасады. 2012 жылы жаңа мереке күні бекітілгеннен кейін, бірегей мұрағаттық қоры қалыптасқан Музей, өткен жылдың қараша айында көпшілік қауымға «Тарихи таңдау» атты көрмесін ұсынған болатын. Көрме экспозициясында тұңғыш рет кең көлемде Қазақстан Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы кезінде орын алған оқиғалар жайлы баяндайтын мұрағаттық материалдар кешені көрсетілді. Осы уақыттан бастап Музей, еліміздегі президенттік институттың қалыптасуы мен даму үдерістерін музейлік әдістер арқылы ашып көрсететін жаңа ғылыми-экспозициялық жобамен жұмыс жасай бастады», - делінген хабарламада.
«Тарихи таңдау. Бастамасы» атты көрме осы жоба аясында ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық қоғамның, саяси элитаның, партиялық құрылымдардың, мемлекеттік басқару институттарының даму үрдісін мұқият зерттегенде ғана, Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінің сан қырлы және сан алуандылығын, қоғам мен тұлғаның сана-сезіміндегі түбегейлі өзгерістерді айқын көруге болады. Ел тарихының ең күрделі сәттерінде Ұлт көшбасшысы атанған тұлғаның әлеуметтік, азаматтық қасиеттері қалыптасқан тарихи ортаны қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін экспозициялық әдістеме арқылы, 1991 жылғы Тарихи таңдаудың бастамасы айқындала түседі. Рационалды ойлау және өз ойын жете түсіндіру қабілетіне еселенген белсенділік пен мақсаттылық, дарындылық пен жауапкершілік - бұл қасиеттер жастық шақта қалыптасып, әртүрлі мадақтаулар, марапаттармен, замандастар және қызметтес болған адамдардың ой-пікірлерімен дәлелдене түседі.
Экспозиция материалдары қоғамның да, жеке азаматтың да тарихи таңдауын анықтаған оқиғалардан басталып, тұлғаның өмір жолының бастауы - Н.Ә. Назарбаевтың мектеп жылдарындағы, жасөспірім шағындағы, комсомол, партиялық және мемлекеттік беделді кезеңдері жайлы дәйекті түрде баяндайды.
Елбасының Жеке мұрағатынан ұсынылған әр алуан құжаттардың бірегей жинағы Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейінгі қызмет еткен жолын еске түсіруге мүмкіндік береді.
Негізгі экспозициядан басқа, арнайы жабдықталған бейнезалда музей келушілері 1991 жылдың желтоқсанындағы оқиғалармен қоса, жалпы Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуына арналған деректі бейнехроника мен тақырыптық бейнефильдерді көре алады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады