- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп 2015 жылы өндіріс тиімділігін арттыру іс-шараларының шеңберінде 3 млрд астам теңге үнемдеді
Қазатомөнеркәсіп 2015 жылы өндіріс тиімділігін арттыру іс-шараларының шеңберінде 3 млрд астам теңге үнемдеді
Өндіріс тиімділігін арттыру және қуат үнемдеу мәселелері Қазатомөнеркәсіптің басым бағыттары болып табылады. Бұл компанияға шығаратын өнімдердің және көрсететін қызметтердің өзіндік құнын төмендету есебінен әлемдік уран өндіру нарығында бәсекелестікке төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Холдинг кәсіпорындары жаңартылатын энергия көздерін қолданып, қуат үнемдеу шараларын өткізіп, уран өндіру және өңдеу технологияларын жетілдіріп, химиялық реагенттердің және энергетикалық ресурстардың үлестік шығын нормаларын оңтайландыруда.
Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындарда ISO-50001 халықаралық стандарттарына сәйкес энергоменеджмент жүйесі енгізілген. 2020 жылға дейін қуат үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бағдарламасы әзірленді.
Жалпы, қуат үнемдеу және өндіріс тиімділігін арттыру іс-шараларын жүзеге асыру барысында Қазатомөнеркәсіп 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеуді жоспарлап отыр.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді