• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бейбітшілік және келісім мұражайы мәдениеттер мен діндер диалогын дамыту саласында ғылыми зерттеулерді іске асырады

Бейбітшілік және келісім мұражайы мәдениеттер мен діндер диалогын дамыту саласында ғылыми зерттеулерді іске асырады

1 Маусым, 2016 12:36
Астанада бейбітшілік және келісім сарайында Бейбітшілік және келісім музейі ашылады. Ол мәдениеттер мен діндер диалогын дамыту саласында ғылыми зерттеулерді іске асырады. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының ХV отырысында Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлім етті.

«Жұмыс тобы Бейбітшілік пен келісім музейі ерекше қызығушылық танытты. Съезд хатшылығы мұражай тұжырымдамасын әзірледі, онда Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі мен оның тарихи рөлін насихаттауға бағытталған материалдарды, құжаттар мен артефактілерді жинақтау мақсатында құрылып отырғандығы жазылған. Сонымен қатар мұражай мәдениеттер мен діндер диалогын дамыту саласында ғылыми зерттеулерді іске асырады»,-деді ол.

Вице-министрдің айтуы бойынша, съед өткізуге байланысты маңызды артефактілер музейге әкелінеді.

«Ол съездің, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері хатшылық съезінің отырысындағы материалдар мен құжаттар, ресми құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері, түрлі жобалар бойынша ақпараттар, кітаптар және тағы басқа заттар. ҚР Президентінің ұсынысы бойынша мұражай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында орналасатын болады.»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Бейбітшілік және келісім музейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 2015 жылы Астанада өткен  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 5 сезінде ұсынған болатын.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар