• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысындағы Күлжа даңғыл жолының 15 шақырым учаскесінің жөндеуі аяқталды

Алматы облысындағы Күлжа даңғыл жолының 15 шақырым учаскесінің жөндеуі аяқталды

1 Маусым, 2016 14:32
Автожол мамандары Алматы облысының белсенді жолдарының бірі – ұзындығы 15 шақырым автожолды мерзімінен 3 айға ертерек пайдалануға тапсырды, деп ҚазАвтоЖол хабарлайды.

Айтарлық, Күлжа даңғыл жолы стартегиялық маңызы бар көлік желісі, ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізіне тиесілі, қозғалыстың қарқындылығы күніне 40 мың автокөлікті құрайды. Учаскеде орташа жөндеу жұмыстары соңғы рет 2009 жылы өткізілген. Өткен жылы ұзындығы 20 шақырым 2 учаскесі жөнделген, ал осы жылы ұзындығы 15 шақырым учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жаңартылған жол учаскесі «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Хоргос» республикалық маңызы бар автожолының 50-65 шақырымында орналасқан. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының жұмысшылары барлық жөндеу жұмыстарын 1,5 ай ішінде аяқтап бітірді.

Сонымен қатар, биылғы жылы ұзындығы 15 шақырым «Алматау туристтік базаға кіреберіс жолы» учаскесінің және 40 шақырым «Кеген-Нарынкөл» автожолының орташа жөндеу жұмыстары өткізіледі.

«Алматау туристтік базаға кіреберіс жолы» учаскесінің бойында келесі жылғы Универсиада-2017 қатысушыларын қабылдайтын тау шаңғы спорт курорттары орналасқан. Осы учаскеде соңғы жөндеу жұмыстары 2010 жылы өткізілген. Биылғы жөндеу жұмыстарын маусым айына дейін бітіруге жоспарланған.

«Кеген-Нарынкөл» автожолы Қытай елімен шекараласқан Райымбек ауданында орналасқан. Осы учаскенің жөндеу жұмыстары аймақтың дамуына, ішкі туризмге жақсы әсер етеді. Соңғы рет осы жолда жөндеу жұмыстары 2007 жылы өтті. Биылғы жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2016 жылының IV тоқсанында.

Сонымен қатар, облыста күрделі жөндеу бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр. Осы жылы «Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты-Құрметті-Көлсай көлі кіреберіс жолы» ұзындығы 35 шақырым учаскесінің жөндеуі жүргізіліп жатыр. Осы учаскесінің күрделі жөндеуі Көлсай көлдері аймағының дамуына жақсы әсер береді, келушілер туризмін жоғарылатады.

Барлық жаңалықтар