• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Әкішев: «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» жаңа заң жобасы тұтынушылардың мүдделерін қорғайды

Д.Әкішев: «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» жаңа заң жобасы тұтынушылардың мүдделерін қорғайды

1 Маусым, 2016 11:21
ҚР Мәжіліс Парламентінде бірінші оқылымында «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заң жобасын мақұлданды.

«Қазіргі күні Қазақстанның төлем нарығында маңызды құрылымдық өзгерістер болуда. Нарыққа жаңа банк ойыншылары кіруде. Халықаралық стандарттарға орай, төлем жүйелерін ұйымдастыруда көзқарастар өзгеруде.  Сонымен қатар, қолданыстағы құқықтық база нарықтық реттеу төлем жүйесін қамтамасыз етпейді. «Ақша төлемі және аударымы туралы» қолданыстағы заң төлемдер мен ақша аударымдарын қабылдау үшін рәсімдер туралы стандарттарды реттейді. Осыған орай, құқықтық негізді құру және төлем нарығын реттеу саласындағы қатынастарды жан-жақты реттеу, сонымен қатар төлемдер мен ақша аударымдарын қабылдау үшін рәсімдер туралы стандарттарды жетілдіру бойынша жаңа заң жобасы қажет»,-деді ол.

Ұлттық бан басшысының айтуы бойынша, банк төлемдерінің мерзімдері қысқарды. Жаңа заң жобасы жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді жинау бойынша шектеулер жүктейді.

«Банк қызметкерлері киленттерді төлеу операциясын жасамас бұрын комиссия мөлшерімен таныстыруы керек»,-деді Д.Әкішев.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, заң жобасы Ұлттық банктің құзіретін анықтайды.

««Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заң жобасы нарықтық төлем қызметін дамытуға септік береді, екінші жағынан – құқық қорғауды қамтамасыз етеді . Заң жобасының жағдайы ҰКП, ҚҚА, төлемдер нарығында банктік емес қатысушылардың салалық қауымдастықтарымен және қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен келісілді»,-деді Ұлттық банк басшысы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар