• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда декларация тапсыру жолымен 841,1 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді

Қазақстанда декларация тапсыру жолымен 841,1 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді

1 Маусым, 2016 12:56
Қазақстанда мемлекеттік кіріс органдарына 2016 жылдың 30 мамыр жағдайы бойынша 1 754,3 млрд млрд. тенге сомасында 89 697 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 1 508,2 млрд. тенге, деп ҚР Қаржы министрлігі хабарлайды.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  892,6 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін     88 412 өтініш (декларация) түсті.

«Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы  1 909,0 млн тенге құрайтын 74 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті,-деп хабарламада айтылған.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 27.05.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 881,4 млрд.теңге ақшаны жария етуге  1 255  жинақ шот ашылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 984,1 млн. теңге көлемінде  17 декларация түсті.

30.05.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд.теңге түсті, оның 2,9 млрд.теңге қайтарылған (ескі Заң ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша (3,1 млрд.теңге-қайтарымға жатады).

 

 

Барлық жаңалықтар