• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XV отырысы өтуде

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XV отырысы өтуде

1 Маусым, 2016 10:32
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының XV отырысы өтуде.

«Кеше алғаш рет әлемнің түрлі елдерінен келген дін өкілдер мен парламентішл терроризмге қарсы тұру мәселесін талқылау үшін жиналды. Конференция барысында терроризммен қалай тиімді күресу жолдары сынды ойлармен алмастық. ҚР Президенті қатысушыларға терроризммен күресте бірлесе іс-қимыл жасау керектігін айтып өтті»,-деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы, ҚР Сенат Парламентінің төрағасы Қасым-Жомарт.

Сенат спикерінің айтуы бойынша, егер жанжал ұлғайатын болса, дін лидерлерінің рөлі, бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық нығая түседі.

«Терроризмнің тиімді басшылықтарынсыз, идеологиялық негізінсіз ешқашан тамырынан жұлынбайды. Өткен жылы Әлемдік және дәстүрлі діндердің бесінші съезіне келген БҰҰ бас хатшысы   Пан Ги Мун айтып өткендей, діни лидерлерге қиын-қыстау заманда шешуші рөл жүктелініп отыр және олар қауымдастықтарды біріктіруде діни дәнекер болып табылады. Оған адамдарды адамгершіліктің ортақ құндылықтарын уағыздауға ынталандыра отырып қол жеткізуге болады»,-деді ол.

Съезд Хатшылығының басшысы қорытынды сөзінде саммит саясаткерлерге, діни лидерлерге әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық проблемаларын шешу үшін ортақ тетіктерін табуда тиімді платформаны ұсынатындығын айтып өтті.  

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Әлімов

Барлық жаңалықтар