- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ветеринарлық қызметімен ХЭБ-тан алынған сертификаттар спорттық жылқы өсіруді дамытуға мүмкіндік береді
ҚР Ветеринарлық қызметімен ХЭБ-тан алынған сертификаттар спорттық жылқы өсіруді дамытуға мүмкіндік береді
Сонымен қатар, Халықаралық эпизоотиялық бюро Қазақстанның аусылға қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламасын бекітті.
Бас Ассамблеяның барысында делегаттар ұсақ күйістілердің құтырма және оба сияқты ауруларын болдырмау, бақылау және жою жөніндегі өзекті әдістер талқыланды. Техникалық отырыстар шеңберінде жануарлардың микробқа қарсы препараттарға тұрақтылығы, сондай-ақ ауру пайда болған жағдайларда малға тікелей және жанама әсер етуі шығындары бөлігіндегі экономика мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ 2016 жылы республикамызда ішінара жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда, жалпы жануарлардың ерекше қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты. Алдын тіркелген ірі қара мал арасында Қазақстан Республикасының үш облысында (Ақтөбе, Атырау, Қарағанды) таралған пастереллез мәселесі аталған өңірлердегі мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторлардың тұрақты бақылауында. Тиісті ветеринариялық іс-шаралар: малды вакцинациялау, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Бұған қоса, бүкіл республика бойынша малдың ерекше қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Ағымдағы жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша бірінші жартыжылдыққа жоспарланған 71 974 436 доза вакцинаның 50 763 895 доза вакцинасы (70,5%) қолданылды.
Айта кетейік, Жылқылардың африкалық обыры бойынша қолайлылық туралы сертификат - бұл Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметіне жылқылардың ауруларынан азат аймақ мәртебесін алуға құқық береді, ол нәтижесінде Қазақстан Республикасына карантиндік шараларды өткізбестен, жарыстар болатын орындарда да аталған мәртебе болған жағдайда, ат спорты іс-шараларын халықаралық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар