Жамбыл облысында медиациялық рәсімдердің қолданылуымен 385 іс қаралған

1 Маусым, 2016 09:27
2016 жылдың 4 айында Жамбыл облысының соттарымен медиациялық рәсімдердің қолданылуымен 286 азаматтық істер (3,0%), 51 қылмыстық істер (11,5%) және 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер (9,5%) қаралған, деп Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлайды.

Айта кетейік, 2015 жылы облыс соттарымен медиатордың қатысуымен 467 азаматтық істер және 104 қылмыстық істер қаралған.

«Облыс соттарымен әкімшілік жанындағы медиация кабинеттерінің құрылуы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әкімшілік жанындағы медиация кабинеттерін құрудын негізгі мақсаты соттардан үлкен арақашықтықтағы тұрғындардың, әлеуметтік қорғалмаған қабатын қолдау, соның ішінде соттың және көліктік  шығындарды үнемдеу болып табылады. Әкімшілік жанындағы медиация кабинеттері тұрғылықты жерінен шықпай-ақ, тұрғындарға дауды шешіп және татуласуға жеткізетін, көрсетілген бітімгерге жүгінуге мүмкіндік бере алады»,-деп амбыл облыстық сотының судьясы Нұрлыбаева Динара айтып өтті.

Сарысу, Мойынқұм, Меркі, Жамбыл, Шу, Жуалы, Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарында, сондай-ақ Тараз қаласындағы Қазақстан Халықтары Ассамблеясының Достық Үйінде аудандық әкімшіліктермен бірлесіп медиаторларға арналған кабинеттер ашылған.

 Қазіргі таңда көрсетілген бағытта Қордай және Талас аудандарында кабинеттердің ашылуы жайында жұмыс жалғастырылып және келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ сотқа дейінгі дау-дамайды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту, тергеу сияқты, тұрғындардың арасында даулылық деңгейін төмендету  мақсатында, Жамбыл облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының» арасында татуластыру рәсімдерін жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумын бекіту жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар