- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Ізмұхамбетов: Депутаттары ҚР мен БАӘ арасындағы ынтымақтастыты дамытуға атсалысуы керек
Б.Ізмұхамбетов: Депутаттары ҚР мен БАӘ арасындағы ынтымақтастыты дамытуға атсалысуы керек
Ең әуелі екі жақ күллі мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының жақындап қалуына байланысты бір-біріне ыстық ықыластарын жеткізді. Кездесу иелерінің айтуынша, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері Президенттерінің арасында тарихи тамырластық, туысқандық деңгейде басталған қарым-қатынас жыл сайын тереңдеп, бүгінгі күні стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткен. Жүздесу барысында тараптар барлық сала бойынша екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылады.
Б. Ізмұхамбетов пен Аль-Кубейси әсіресе, лаңкестікке қарсы күрес мәселесіне айрықша назар аударды. Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің экстремизм мен лаңкестікке қарсы халықаралық бастамаларын алға тарта отырып, «Дін лаңкестікке қарсы» форумының осы салада күш біріктіру жолындағы маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Аль-Кубейси де аталған форумның саясат пен дін өкілдерін бір арнаға тоғыстырғанын, Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан мемлекеттінің осы бағыттағы батыл қадамдарына алғыс білдіретінін және барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Мейманның атап өткеніндей әлемдік бейбіт өмір және ынтымақтастық жолында БАӘ мен Қазақстанның ұстанымы бір, мақсаты айқын. Кездесу иелері екі ел арасындағы саяси, мәдени, әлеуметтік мәселелерді сөз ете келіп, экономикалық байланысқа ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте Мәжіліс Спикерлері Астанада салынып жатқан «Абу Даби Плаза» кешенінің құрлысын, басқа да ірі инвестициялық жобаларды алға тартты.
Б. Ізмұхамбетов жалпы Қазақстанның тауар айналымында Парсы шығанағы бойынша БАӘ-нің алғашқы орында екенін жеткізсе, Аль-Кубейси соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанға құйылған инвестиция көлемінің 1,5 млрд доллардан асқанын атап өтті. Кездесу кезінде парламентаралық қарым-қатынасты нығайту жайына баса назар аударылып, Б. Ізмұхамбетов пен А. Аль-Кубейси заң шығарушы органдар арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі топтардың барлық салада ықпалдастықты тереңдетуге барынша ықпал ететініне сенім білдірді. Кездесу соңында Аль-Кубейси Мәжіліс Төрағасын өз елдеріне ресми сапармен келуге шақырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері