• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президентінің Кітапханасы мен Қоры журналистер үшін байқау жариялайды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президентінің Кітапханасы мен Қоры журналистер үшін байқау жариялайды

31 Мамыр, 2016 16:41
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры мен Кітапханасы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Ұлт Көшбасшысы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай баспа және электронды БАҚ қызметкерлері арасында үздік материал үшін байқау жариялайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Ұлт Көшбасшысы Кітапханасының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Оксана Лоскутова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры мен Кітапханасы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Ұлт Көшбасшысы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай баспа және электронды БАҚ қызметкерлері арасында үздік материал үшін байқау жариялайды»,-деді ол.

Байқау мақсаты тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін жариялау, «Назарбаев моделдері», Ұлт Көшбасшысының бастамалары мен идеялары қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретінде, деген мазмұнды ашу.

О.Лоскутова хабарлағандай, байқау төрт номинация бойынша өтеді. «Үздік телевизиялық матрериал», «Үздік радиоматериал», «Газет пен журналдардағы үздік мақала» және «БАҚ Үздік интернет жарияланымы».

«Байқау жеңімпаздарына әр номинация бойынша ақшалай 1 миллион тенге сыйлық беріледі. Екінші орынға 500 мың, үшінші орынға 200 мың теңге. Бұдан бөлек барлық жеңімпазға дипломдар мен төс белгі тапсырылатын болады»,-деп атап өтті ол. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар