- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта Аграрлық несие корпорациясымен және Несиелік серіктестіктер қауымдастығымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды
Қазпочта Аграрлық несие корпорациясымен және Несиелік серіктестіктер қауымдастығымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жасалған меморандумға қол қою аясында тараптар аграрлық өндірістік кешен және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің несиелік серіктестіктеріне есептік-кассалық қызмет көрсету, сонымен қатар республикамыздың барлық облыстары мен аудандарындағы Қазпочтаның бөлімшелері арқылы кредиттік одақтарға несиелерді рәсімдеу бойынша агенттік қызметтер ұсыну туралы келісімге келді.
«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин атап өткендей, әріптестіктің негізгі мақсаты – ауылды жерлердегі тұрғындардың қаржылық қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету. «Ауылдықтар және аграрлық өндіріс саласында жұмыс істейтіндер қазіргі кезде банктік қызметтерді алу, сондай-ақ несиелендіру шарттары бойынша кеңестер алу үшін аудан орталықтарына немесе қалаларға баруға мәжбүр. Осы мәселені шешу үшін біз оларға республикамыз бойынша орналасқан 3000 астам ауылдық пошталық бөлімшелерімізде осы қызметтерді пайдалануды ұсынуға дайынбыз»,- деп атап өтті Б.Мусин.
Аграрлық несие корпорациясы несиелік серіктестіктер арқылы аграрлық өндірістік кешенді қаржыландыруды – ауылшаруашылық өнімдерді өндіретін ауылшаруашылық өндірісі мен өнеркәсібін несиелендіруді жүзеге асырады. Шағын және орта ауылшаруашылық тауар өндірушілердің кең көлеміне несиелік ресурстардың қолжетімділігін (жеңілдіктер негізінде) қамтамасыз ету корпорацияның негізгі атқаратын қызметі болып табылады.
ЗТБ «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі несиелік серіктестіктер қауымдастығымен» жасалған меморандумға қол қою барысында тараптар несиелерді рәсімдеу жөніндегі агенттік қызметтерді ұсыну туралы келісімге келді. Несиелік серіктестіктер қауымдастығы өзінің атқаратын барлық қызмет саласында несиелік серіктестіктердің мүдделерін қорғау, қаржылық қаражаттармен қамтамасыз ету, мемлекеттік, заңнамалық және басқа салалардағы олардың мүддесін қорғау мақсатында құрылған.
Меморандумдарға қол қою қорытындысы бойынша Қазақстандағы отандық агроөндірістік кешенді дамыту, тұрғындардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастыру мақсатында қатысушы тараптар серіктес әріптестік туралы ниеттерін білдірді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар