- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 5 мыңға жуық студент ҰБТ тапсырады
Ақтөбе облысында 5 мыңға жуық студент ҰБТ тапсырады
Өңірде тестілеу 3-6 маусым аарлығында өтеді. Алғаш болып 3 маусымда Темір ауданының түлектері бақтарын сынайды, 4 маусымда Әйтеке би, Қобда, Хромтау, Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандарының мектеп бітірушілері тест тапсырады. Ал, Байғанин, Шалқар, ырғыз және Мұғалдар аудандарының түлектері 5 маусымда сыналса, Ақтөбе қаласындағы оқу орындарының оқушылары 4-6 маусым күндері тест тапсырады.
ҰБТ тапсыру қосындары 15 жерде орналасады, олардың 12-сі аудан орталықтарында, 3-уі Ақтөбе қаласында. Тест тапсыратын орындарда қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.
Өз кезегінде, соңғы сынақ тестілеуде Хромтау ауданы түлектерінің 27,6%-сы ең төменгі балды жинай алмады, Алға ауданы түлектерінің 23,4%-ы, Әйтеке ауданы мектеп бітірушілерінің 24,4%-ы төменгі көрсеткішке қол жеткізе алмаған.
“Мемлекет бірыңғай тестілеуге дайындық пен оны өткізуге қыруар қаражат бөліп отыр. Педагогтар үшін барлық жағдай жасалуда, алайда ҰБТ тапсырғысы келетін түлектер саны азайып келеді. Бұл нені білдіреді? Мектеп директорлары мен оқытушылардың жұмысы нашар екенін көрсетіп отыр. Олардан қайтарым болу керек қой. ҰБТ-ға сапалы дайындық керек”, - деді Бердібек Сапарбаев. Әкім тест тапсыру қосындарындағы дайындық шараларын күшейту керектігін тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімдерінің үміткерлердің тест тапсыру құқықтарының сақталуын, оларды қабылдау қосынына дейін жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігі айтылды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді