- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Ақтөбе облысына 350 млрд теңге инвестиция тартылады
2016 жылы Ақтөбе облысына 350 млрд теңге инвестиция тартылады
Облыста инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Орталық органдардың көмегін қажет ететін жаңа ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қолға алынуда. Олардың қатарында жалпы құны 80 млн АҚШ доллары болатын Қарғалы ауданында брикеттелген көмір өндірісі, Хромтау ауданында қуаттылығы 100 МВт жел электростанциясының құрылысы, Қарғалы ауданының Бадамша ауылында «Өлке» подстанциясында қуаттылығы 200 Мвт болатын күн электрстанциясы, Мұғалдар ауданында 200 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыт, газды сұйық отынға ұқсататын кешендер бар.
Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының мүшелеріне қосымша өсім резервтерін табу жөнінде тапсырма берді.
Бірқатар ірі жобалар индустриальды аумақта орналасатын болады. «TalanTechnology» ЖШС жоғары сапалы қауіпсіз қабаттар (покрытия) шығаруды көздейді, «Ақтөбе TOPSA Пласт» 3 мың тонна антифриз, түрлі еріткіштер мен химиялық реагенттер шығаруды жоспарлап отыр. «FIBCKazakhstan» полиэтилен мен полипропиленнен қораптар әзірлемек. Әрбір өндіріс орнына 2 гектар жерден қажет.
Аймақта шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары бәсеңдеп қалған, 2015 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 58,2 мың бірлік болса, олардың 50,2 мың бірлігі жұмыс істеп тұр. Жергілікті билік олардың қатарын арттыру үшін шаралар қолға алып келеді. Қосымша өсім резервтерін табу есебінен 2016 жылы жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері санын 51,5 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
Осы мәселені шешуге «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы көмекке келуі керек, аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 2016 жылы республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қарастырылып отыр. Осы қаражаттың ауқымды бөлігі пайыздық ставка мен жеткіліксіз инфрақұрылымды субсидиялауға бағытталады. Жалпы алғанда, «БЖК-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 875 кәсіпкерлік нысаны 15,3 млрд.тг. көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Нәтижесінде, 6 жылда облыста 15,1 мың жұмыс орны пайда болды, 5,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды, 35,5 млрд. теңге көлемінде салық төленді.
“Біздің көрсеткіштеріміз өткен жылғы деңгейден төмен болмау керек, ол үшін инвестицияны 2 есеге арттырып, аудандар мен облыс орталығында орналасқан шағын және орта бизнесті дамытуға назар аударуымыз қажет. Шағын фермалар ашу, қоян, ешкі, бөдене өсіру, бал дайындау бойынша жұмыстарды күшейтуіміз керек. Өз ісін ашқысы келетіндер көп, біз оларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек”, - деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді