• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан әрқашан әлем өркениеттері мен мәдениеттері арасында көпір болды - БҰҰ

Қазақстан әрқашан әлем өркениеттері мен мәдениеттері арасында көпір болды - БҰҰ

31 Мамыр, 2016 13:54
Қазақстан өзіндік қоғам моделі мен этникаралық және дінаралық келісімнің негізін құрып, бар әлемге қазақстандық жол ретінде танымал модель құрды, деді «Дін терроризмге қарсы» халықаралық конференциясында БҰҰ Өркениеттер альянсы жоғары өкілі Насир Абдулазиз Аль-Насер.

«Қазақстан әрқашан әлем өркениеттері мен мәдениеттері арасында көпір болды. Қазақстан өзіндік қоғам моделі мен этникаралық және дінаралық келісімнің негізін құрып, бар әлемге қазақстандық жол ретінде танымал модель құрды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің әлемдік және дәстүрлі діндер арасындағы диалог саласындағы рөлін ерекше атап өткен жөн. Оның бастамасы – Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларың алғашқы Съезін өткізу болды», - деді  Насир Абдулазиз Аль-Насердің үндеуін БҰҰ өркениеттер альянсының директоры Мэтью Ходс.

Ол атап өткендей, конгресс қатысушылары қабылдайтын декларация Қазақстанның әлем діндері арасындағы өзара түсінушілікті нығайтатын құжат болып есептеледі.

«Бұл орайда біз Астанадан артық жерді армандаған жоқпыз. Зорлық экстремизмі қоғамда белең алып бара жатыр, қауіпсіздігіміздің  қаупі тек қана бұл емес, ол іргетастық құндылықтар мен ұсыныстарға әсер етуі мүмкін», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар