• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Астана жастары» КММ 40 жұмыс беруші компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Астана жастары» КММ 40 жұмыс беруші компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

31 Мамыр, 2016 13:38
Елордадағы ақпараттық кездесу аясында «Астана жастары» КММ 40 жұмыс беруші компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында ҚР Президенті жастарды жұмыспен қамту мәселесін жаңа бағыттағы саясаттың басты мәселесі етіп  анықтады. Мемлекет жастарды тұрақты түрде қолдап, оның жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды. Бұл орайда «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық резерві» және өзге бағдарламалар бар. Алайда, мемлекет қызметінен кейін біз жеке сектормен ынтымақтастықты жүзеге асыруымыз керек, бұл жұмыс – бизнес пен мемлекеттің ара қатынасы, өзара байланысы болмақ», - деді жастар мәселесі жөніндегі  басқарманың жетекшісі қызметінің міндетін атқарушы Ербол Рыспаев.

«Астана жастары» КММ жетекшісі Әнуар Нүрпейісов 40 меморандум «Астана жастары» тарапына компаниялардан ешқандай міндет жүктемейді.Меморандумдарға салтанатты қол қою барысында  «Астана орманы» компаниясының жетекшісі Аслан Сатин тиімді оқыту мен жастарды жұмыспен қамту саласында  еңбек ұжымында тәлімгерлікті қайта қалпына келтіруді ұсынды.

Жұмыс беруші компаниялар тізіміне құрылыс, жарнамалық бизнес, өндірістік өнеркәсіп, қаланы жасылдандыру саласындағы жеке фирмалар кірді.

 

Барлық жаңалықтар