- Басты
- Жаңалықтар
- Иран инвесторлары Маңғыстау облысына күн электр станциясы мен кірпіш зауытын салуға дайын
Иран инвесторлары Маңғыстау облысына күн электр станциясы мен кірпіш зауытын салуға дайын
Ираннан келген қонақ атап өткендей, Қазақстан әрқашан терең тарихи байланысымыз бар бауырлас және достас ел ретінде қарастырылады. «IRAN&KAZAKHSTAN» достық ассоциациясы 5 мың мүшені қамтиды. Бұл біздің елдер арасында ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай әлеуеттің бар екенін көрсетеді.
Бүгін иарандық инвесторлардың басы көпшілігі Еуропалық елдермен ынтымақтасу дұрыс деп септейді. Бірақ, Мохаммад Реза Хаббаздың пікірінше, ирандық кәсіпкерлер бірінші кезекте қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты жақсартулары қажет. Соның ішінде бірінші Иранмен Каспи теңізі арқылы байланысатын Маңғыстау облысымен байланысты күшейтулері қажет. Бұл екі ел арасында тауар айналымды арттыратыны сөзсіз.
«Егер келісімдеріміз сәтті жүзеге асатын болса, біз сіздердің бұл аймақтарыңыздың экономикасына қомақты қаржы салатын инвесторларды табуға дайынбыз. Өз қаржысы есебінен күн электр станциясын салуға дайын кәсіпкерлер табылады. Жалғыз талап, тұтынушылар солардың қызметін пайдаланатын болады. Сондай-ақ, кірпіш зауытын салу мәселесін де шешуге болады. Қазір қандай сома қажеттілігі туралы айту ертерек, бұл жерде біздің инвесторлар үшін сіздердің таптарыңыздан қандай жағдай жасалатынына байланысты»,-деді ирандық кәсіпкер.
Өз кезегінде Маңғыстау индустриалды палатасының төрағасы Ғалымжан Балтілеу біздің ел үшін Иран Ислам Республикасы әрқашан достас мемлекет және экономикалық серіктес ретінде қарастырылатынын атап өтті.
«Біздің аймақ пен Иранның провинцияларымен арадағы түрлі экономикалық және мәдени жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру керек. Біз теңіз бойынша көршіміз және бізде үлкен экономикалық әлеует бар. Сондықтан біздің кездесуіміз алда үлкен жобаларды бірлесіп жүзеге асырумызға негіз болады, деп есептеймін»,-деді ол.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді