• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқылануда (ФОТО)

Алматыда жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқылануда (ФОТО)

31 Мамыр, 2016 18:03
Алматы қаласында республикалық көлемде дөңгелек үстел өз жұмысын бастады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Басқосуда  жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқылануда. Оның жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет органдарының, құқыққорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері қатысуда.

Отырыстың модераторы: Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жетекшісі Нұрлан Әбдіров.

Көшпелі отырысқа Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары С.Бычкова, Б.Дүйсенбинов, С.Имашева, Б.Кесебаева, М.Магеррамов, Н.Микаелян, Қ.Мусин, М.Тінекеев қатысуда.

Сонымен бірге, шараға Әділет министрінің орынбасары Ж. Ешмағанбетов, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры С.Сағдат, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының төрағасы С.Ли қатысуда.

Шара жұмысына прокуратура мен сот және ішкі істер органдарының өкілдері, финансистер ассоциациясының, Алматы қалалық әділет басқармасының және жергілікті жердегі жеке сот орындаушылар мен әділет департаменттерінің жетекшілері де қатысып отыр.

 

Барлық жаңалықтар