• Басты
  • Жаңалықтар
  • И.Умаханов: Террористік идеологияға қарсы тұру үшін барлығының күшін ақпараттық кеңістікте біріктіру қажет

И.Умаханов: Террористік идеологияға қарсы тұру үшін барлығының күшін ақпараттық кеңістікте біріктіру қажет

31 Мамыр, 2016 11:42
Террористік идеологияға қарсы тұру үшін саясаткерлер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін ақпараттық кеңістікте біріктіру маңызды, деп Ресей Федерациясының Жиналыс Федерация Кеңесінің төраға орынбасары Ильяс Умаханов Астанада өтіп жатқан «Дін лаңкестікке қарсы» атты халықаралық конференция барысында мәлім етті.

«Терроризммен күресте парламентариліктердің рөлі артады, қорытынды құжатта айтылғандай, халықаралық-құқықтық нормалар, ұлттық заңнамалық терроризмді алдын алу мен ескертуде оңтайлы құрал болуы тиіс. Ресейде терроризм тақырыбын қозғайтын 1000-нан астам заңнамалық және нормативті-құқықтық актілер қабылданған»,-деді И. Умаханов.

ОлтТеррористік идеологияға қарсы тұру үшін депутаттардың, саясаткерлердің, сараптамалық қоғамдастықтардың, БАҚ-тың күш-жігерін ақпараттық кеңістікте біріктіру маңызды екендігін айтып өтті.  

«Біз бір сайтты жабудамыз, ал террористер мен олардың көмекшілері тағы басқасын ашуда. Біздің артымызда тұрғандар, бірінші жасақтаушы-экстремистердің эшелонын, жастарды идеологиялық жөндеу авангардын құрайды. Басқа мәселе, көптеген уақыт бойы «терроризм» мен терроризм ұйымдарының халықаралық критериилерін шығару мүмкін емес»,-деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, қауіпсіздік талаптар, бостандықтары және азаматтардың құқықтары арасындағы қолайлы тепе-теңдік өзекті мәселе болып қалады.

«Мысалы, жастар білімді штеледен алуға құқылы, алайда біз көп жағдайда шығыс өткізгіштерден экстремистік және террористік идеологияны алдық.  Бірнеше мың азамат ИЛИМ жағына Сирияда соғысып жүр. Бірақ біз, өзімізде конституциялық норманы таппадық. Босқындар мен мигранттардың арасында «әрекетсіз» террористер бар, алайда олардың әрбірінен террористті көруге болмайды»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар