• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Тоқаев БАҚ-ты дінаралық дауды тудырмау үшін этикалық нормаларды әзірлеуге шақырды

Қ.Тоқаев БАҚ-ты дінаралық дауды тудырмау үшін этикалық нормаларды әзірлеуге шақырды

31 Мамыр, 2016 11:06
Терроризмге қарсы жауап адам өркениетінің көп шоғырлануы да болуы мүмкін. Біздің қоғам, әсіресе БАҚ дінаралық дауды тудырмас үшін этикалық нормаларды әзірлеуі тиіс, деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Дін терроризмге қарсы» халықаралық конференциясында.

«2016 жылдың басы әр елде  террористік актілер толқынымен басталды. Біз террористердің әдісінің кеңеюі мен қызметін қадағалап, бақылап отырмыз. Радикалды топтар тұрақты қаржыландыру мен заманауи технологияларды қолдануға ие болды. Осы сынды жаһандық қауіпке қарсы тұру тек бірлесіп қана жүзеге асырылады. Терроризмді жоюдың стратегиясын әзірлеуге Елбасы үнемі шақырады», - деді ол.

Ол атап өткендей, терроризм халықаралық құқық мен мемлекеттің ынтымақтастырының ұстанмыдарын сынаққа алды.

«Оның жауабы тек өркениетті қоғамның көп шоғырлануы болуы керек. Біздің қоғам, әсіресе БАҚ дінаралық дауды тудырмас үшін этикалық нормаларды әзірлеуі тиіс», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар