• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы терроризмге лайықты қарсы тұру жолында бiрлескен күш-жiгерді еселей түсу қажеттігін айтты

Елбасы терроризмге лайықты қарсы тұру жолында бiрлескен күш-жiгерді еселей түсу қажеттігін айтты

31 Мамыр, 2016 10:34
Елордада Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында «Дiндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы өтiп жатыр.

 «Бүгiнде терроризм қатерi халықаралық қауiпсiздiк туралы түсiнiгiмiздi түбегейлi өзгерттi. Терроризм шекара талғамайды, бай және кедей ел деп бөлмейдi. Осынау қауiпке тойтарыс беретiн бiрегей әрi жалпыға ортақ шешiм әзiрге жоқ. Сондықтан, бұл жаһандық iндетке лайықты қарсы тұру жолында бiрлескен күш-жiгерімiздi еселей түсуiмiз қажет», -  деп Сенат төрағасы ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың конференция қатысушыларына жолдаған үндеуiн оқып бердi.

«Терроризм идеяларын жою үшiн бiр кiсiдей жұмылу, саяси қайраткерлердiң, дiни жетекшiлердiң, қоғамдық пiкiр көшбасшыларының, БАҚ-тың ағартушылық бағыттағы кең ауқымды жұмысын жүргiзу аса маңызды», - деп атап өттi өз жолдауында Елбасы.

«Мен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында бірыңғай әлемдік жүйені терроризм мен экстремизмге қарсы тұратын етіп құру бастамасын ұсындым», - делінген Президент үндеуінде.

Мемлекет басшысы «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде барлық адамзатты жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға шақырғанын айтты. Осы орайда, Н.Назарбаевтың пікірінше әр түрлі концессия мен дін, мәдениет және өркениет арасындағы өзара түсіністік аса маңызды.

«Дін терроризмге қарсы»  халықаралық конфкеренциясы саяси және дін қызметі арасындағы бірегей формат диалогын құруға мүмкіндік береді. 100 этнос өкілдері бейбіт күн кешіп отырған қазақстандық халық бірлік ұстанымын ұстанып отыр. Бұл халыққа қиыншылықтарды асып, әлеуметтік-экономикалық даму саласында жетістікке жетуге итермелейді», - делінген Елбасы үндеуінде.

«Бүгінгі кездесу мәдениет пен дін диалогы тәжірибесін шыңдап, сіздердің тараптарыңыздан лаңкестікпен күресте  жаңа идеялары мен бағыттар ұсынылады деп ойлаймын», - деді Елбасы. 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар