• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Френкель: АХҚО Қазақстан экономикасының негізгі секторына белсенді атсалысуы керек

Д.Френкель: АХҚО Қазақстан экономикасының негізгі секторына белсенді атсалысуы керек

31 Мамыр, 2016 13:04
АХҚО Қазақстан экономикасының негізгі секторына белсенді атсалысуы керек, сонымен қатар, әмбебап жаһандық қаржы орталығы рөліне таласуы қажет. Бұл туралы «JP Morgan Chase International» директорлар кеңе­сі­нің төрағасы Джейкоб Френкель айтты.

«Қазақстан Үкіметі елордада «Астана» халықаралық қаржы орта­­лығын құру бағытында өз ал­дына асқақ, алайда, стратегияға негізделетін мақсат-міндет қойды. Бір атап өтерлігі, басқа қаржылық орталықтармен салыстырғанда, бұл орталықтың жұмыс тетігі нөлден басталғалы отыр. Яғни, оның алдында тұрған міндеттер өте күрделі. Соған қарамастан, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басы-қасында жүрген мамандарға осы сипаттағы өзге де орталықтардың тәжірибесін игеруге және озық халықаралық тәжірибе үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді. Егер, тарихқа үңілер болсақ, ірі халықаралық қаржы орталықтары бар елдердің экономикалық көр­сеткіштері де жоғары болып келеді. Бұл бір жағынан, қазір­гі заманғы экономиканың ілгері­леуін­де қаржылық сектордың үлкен рөл атқаратынын көрсетеді», деді Д.Френкель өз сөзінде.

Осылай дей келе ол, халықаралық қаржы орталығы елдің мемлекеттік басқару тетігінің тиімділігіне де оң әсер ететінін жеткізді. «Мәселен, даму­дың жоғары сатысына көтерілген халықаралық қаржы орта­­лықтары көбінесе Дүниежүзілік банктің белгілі бір рейтингі бойынша үл­кен көрсеткішке қол жет­кізген ел­дерде орналасқан. Осы орайда, мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының табыс әкелуіне ықпал ететін бірнеше факторларды атап өткім келеді. Олар – іскерлік орта, нарықтық және технологиялық инфрақұрылым, нарықтың қол­жетімділігі, кәсіби білікті мамандар және бәсекеге қабілеттілік. Бұл орайда, Лондон мен Нью-Йорктің аталған факторлар бойынша ұста­нып отырған позициялары өте жоғары», деді ол.

Сонымен қатар, Д.Френкель кез келген халық­аралық қаржы орталығы үшін өңірлік деңгейдегі дамы­ған орталыққа айналу, инфра­құры­лымды құру және тиімді заң­намалық режімді қалыптастыру белгілі бір уақытты қажет ететінін, болашақта «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығы Қазақ­стан экономикасының негізгі сектор­ларын белсенді түрде ілгері­летуі керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, АХҚО Қазақстан экономикасының негізгі секторына белсенді атсалысуы керек, сонымен қатар, әмбебап жаһандық қаржы орталығы рөліне таласуы қажет.

«АХҚО өзінің бәсекелік стратегиясының қаншалықты екенін біліп, негізгі бағыттарын айқындап алуы керек. АХҚО бір күнде Еуразиядағы жетекші қаржы орталығы бола ала ма, болып кетуі де әбден мүмкін»,-деді инвестор.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар