Ақмола облысында «ҚР Президентінің Күніне тарту» акциясы басталды

25 Қараша, 2013 09:43
Аймақта бүгіннен бастап «ҚР Президентінің Күніне тарту» акциясы жүзеге асады, деп Ақмола облысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Акция 18 аудан мен 2 қалада жүзеге асырылады: әлеуметтік мекеме мен бірде-бір тәрбиеленуші Президент күні назарсыз қалмайды», -  деп хабарламада нақтыланған.

Акцияның бірінші күні облыс әкмі Қ. Айтмұхамбетов Көкшетаулық «Аялау» мүмкіндігі шектеулі балалардың орталығына баруы жоспарлануда. Тәрбиеленушілер мерекеге орай сыйлықтарға ие болады.

Акция 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Барлық жаңалықтар