Ақтөбе облысында биыл егіс алқабы 48,4 мың гектарға ұлғайды

31 Мамыр, 2016 09:47
Ақтөбе облысының әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді айналымға енгізу мен егіс науқанының барысы талқыланды, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат орталығы».

Биыл аймақта 561,2 мың гектарға дән себу жоспарланған. Өткен жылман салыстырғанда егіс алқабы 48,4 мың гектарға ұлғайды. 336 мың гектарға дән себілсе, мал азығы 176,1 гектарға, майлы дақылдар 38,6 мың гектарға, картоп 5,75 мың гектарға, көкөніс пен бақша дақылдары 4,7 мың гектарға егілді.

Егіс компаниялары бүгінгі таңда облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласында жүргізілуде. Аймақтың ауыл шаруашылық саласы толығымен техъникамен және жанар-жағармаймен, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті дүниелермен қамтамасыз етілген.

Астықты аудандарда 85 % алқапқа егін егілді. Б.Сапарбаев егіс науқанын 5-ші маусымға дейін толық аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, облыстың барлық аудандарында және Ақтөбеде мал азығы мен майлы дақылдарды егу жұмыстары баяу жүріп жатыр.

Облыс әкімі көкөніс пен бақша дақылдарына арналған алқапты шамалы ғана ұлғайтқандарға қатысты тигізіп айтты.

«Осыдан кейін біз аймақ өзін-өзі осы өнімдермен қамтамасыз ете алмайды дейміз және бұл өнімдерді басқа аймақтардан тасуға мәжбүр боламыз. Дереу сараптама жасалсын, қандай себеппен осылай жасалып жатқаны анықталсын»,-деді Б.Сапарбаев.

Шегірткемен күрес бойынша құрылған штаб та шара қолданып жатыр. Бұл жақында ғана қалың шегірткенің Оңтүстік Қазақстан облысында пайда болғанына байланысты. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың айтуынша, аймақ саранчамен күресуге қажетті химикат пен техникамен қамтамасыз етілген. Ең бастысы – дер кезінде сранчаның пайда болғанын біліп, облыстың қай ауданында екенін анықтау керек.

Мәжіліс кезінде Б.Сапарбаев пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді айналымға енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, өзен суларын дұрыс әрі тиімді пайдалану мәселесіне де ден қойды. Әсіресе Ырғыз, Байғанын және Ойыл аудандарына қатысты берді облыс әкімі аталмыш тапсырманы. 

Барлық жаңалықтар