- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда әскери қызметкерлерге тұрғын үй беру мәселесі қайта қаралуда
Қазақстанда әскери қызметкерлерге тұрғын үй беру мәселесі қайта қаралуда
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланаған. Оның негізгі мақсаты қақтығыстар мен олқылықтарды шешу. Әскери қызметкерлерге тұрғын үй беру мәселесі жылда талқыға салынатын өзекті сұрақтың бірі және Қорғаныс министрілігінде әрдайым бақылауда тұрады»,-деді қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.
Заң жобасы аясында аналогия бойынша құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдарымен жесір қалған әскери қызметкерлерді, әскери қызметті өту барысында қаза болғандарға тұрғын үй беру мәселесін қарау жоспарлануда.
«Тәжірибе жүзінде жесір әскери қызметкерлер, қызметтік міндеттерді орындау барысында немесе әскери қызмет уақытында қаза болған жағдайда, тегін қызметтік тұрғын үйін алу үшін сот органдарына жүгінуге тура келеді. Сіздердің назарларыңызға айта кетейін, жесір қалған әскери қызметкерлерге тегін тұрғын үй алу кезінде бірыңғай жағдай жасау ұсынылады, яғни егер әскери қызметкерлердің өлімі өзінің заңсыз іс-әрекеттері кезінде болғанда»,-деді ол.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуы бойынша, экономикада, елімізде және әлемде жағдайдың өзгеруіне дейін заң жобасы аясында жеке түзетулер қарастырылуда.
«Көбінесе, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметкерлерге осындай мүмкіндікті беруді ұсынғанбыз. Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес, көрсетілген өтемақы әскери қызметкерлерге төленеді, тек әскери қызметтен босатылғандарға төленбейді. Қабылданған түзетулер әскери қызметкерлердің, зейнеткерлердің тұрғын үй мәселесін шешер еді»,-деді ол.
Сонымен қатар, Талғат Мұхтаров жалпы кешендік, жүйелік амалға қарамастан, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі екінші заң жобасы бойынша қарастырылып жатқандығын айтып өтті.
«Мамандандырылған жалға алынатын тұрғын үй құрылысы отандық құрылыс компанияларының есебінен алынатын болады және ол өз кезегінде аймақта жұмыс орындарын құрып, ҚО қызметтік тұрғын үйін қалыптастыратын болады»,-деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады