- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімі аймақтың дарынды балаларымен кездесті
ШҚО әкімі аймақтың дарынды балаларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Өскемен қаласында «Бақытты балалық шақ» партиялық жобаны іске асыру мақсатында «Нұр Отан» - балаларға» республикалық акциясы өтуде.
25 жылдыққа облыстың барлық аудан мен қалаларынан 25 дарынды баланың шақырылуы символикалық мәнге ие. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов кездесу барысында балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оқуда сәттілік тіледі.
Балалар өз кезегінде шығармашылық қабілеттерін паш етті. Өскемен қаласының №3 мектеп оқушысы Ерболұлы Еркебұлан Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңін оқыса, Алматыда өткен республикалық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпазы Айым Советова «Сал күрең» күйін шертіп берді.
Кездесу соңында Даниал Ахметов оқудағы үздік көрсеткіші және түрлі спорттық жарыстарға қатысқаны үшін балаларға планшеттер табыс етті.
Одан кейін нұротандықтар балаларды Өскемен қаласының мәдени және спорттық нысандарымен, Абай Құнанбайұлы ескерткішімен, Дақ монументімен таныстырып өтті.
Айта кетсек, «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасының басты мақсаты ана мен баланы қорғау, отбасылық құндылықтарды одан әрі нығайту, отбасындағы бала құқығын қорғау.
-
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті -
Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Саясаттанушы: Ауыл әкімін сайлау – демократияның белгісі -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті