- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен БАӘ парламентаралық байланыстарды қалыптастырды
Қазақстан мен БАӘ парламентаралық байланыстарды қалыптастырды
Сенат Төрағасы А.Аль-Кубейсидің сапары екі елдің парламентаралық үнқатысуды орнату тұрғысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы жемісті ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің қызметі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету туралы А.Аль-Кубейсиді хабардар етті.
Сенат Төрағасы 31 мамырда Астанада өтетін, парламентшілер, діни қайраткерлер және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысатын «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияға қатысуы үшін ризашылық білдірді. Бұл тұрғыда Қ.Тоқаев дінаралық және мәдениетаралық келісімді нығайту саласындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің күш-жігерін қолдады. А.Аль-Кубейси Қазақстанға келуге шақырғаны үшін Қ.Тоқаевқа алғыс айтты.
Федералдық ұлттық Мәжілісі Төрайымының айтуынша, Қазақстан мен БАӘ арасында ерекше достық қатынастар мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастық қалыптасты. БАӘ парламентінің төрайымы «Діндер терроризмге қарсы» конференциясының аса қажеттігін, өйткені, дінді қаралайтын экстремизм идеологиясына бірлесе төтеп беру және исламның бейбітшілік сүйгіш негіздерін түсіндіру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, оның пікірінше, дүние жүзі парламентшілерінің форумына қатысу аса маңызды. Кездесу барысында жүздесушілер төрағалар деңгейінде парламентаралық үнқатысуды жалғастыруға, сондай-ақ екі елдің заң шығару органдарында қызмет ететін Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастық топтарының жұмысына ықпал етуге уағдаласты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды