• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Әшықбаев: «Дін лаңкестікке қарсы» конференциясы әлемнің озық күштерін біріктіруге бағытталған

Е.Әшықбаев: «Дін лаңкестікке қарсы» конференциясы әлемнің озық күштерін біріктіруге бағытталған

30 Мамыр, 2016 10:07
«Дін лаңкестікке қарсы» конференциясы әлемнің озық күштерін біріктіруге бағытталған, деді ОКҚ-да Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Әшықбаев.

«Алдағы конференция – Қазақстанның халықаралық аренада жасап отырған жұмысының бір бөлігі. Мемлекет басшысының Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысты бастамасын Нью-Йоркте 6 мамырда өткен  «Дін бейбітшілік үшін» тақырыбындағы диалог пен БҰҰ 70-шы сесссиясында Елбасы қозғаған тақырыбы мен бір ай бұрын өткен Ислам ынтымақтастық саммитінде сөлеген сөзі – кешендік шараның бөлігі, бұл әлемнің озық күштерін біріктіруге арналған шаралар», - деді Е.Ашықбаев.

 Айта кетейік, ертең Астанада «Дін лаңкестікке қарсы» тақрыбында халықаралық конференция өтеді.

 

Барлық жаңалықтар